22.11.2014
«Салтанатты түрде автокеруенді Тараз қаласының орталық алаңынан шығарып салуға облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің басшылары, қоғам қайраткерлері, сонымен қатар қала тұрғындары қатысты», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмаларды орындау - қашан да үлкен абырой, мәртебелі міндет. Жаңа Жолдау ел ертеңі жастардың белсенді позициясын қалыптастыру мен ұлтжанды азамат болуына үлкен сенімін жүктеп отыр. Өйткені, Жолдау – болашақтың бағдаршамы. Біз бүгін Елбасы Жолдауын облыс тұрғындарының әрқайсысына жеткізуіміз қажет, - деді аймақ басшысы.
Облыстың 10 ауданында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасының Жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстарына 86 адам қатысты.
Сондай-ақ, Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында орталық темір жол вокзалынан насихат поезды жүріп кетті. Аталған поезд ұзақтығы 1200 шақырымды құрайтын 57 станцияны қамтитын болады. Ол станцияларда 12 700 адам еңбек етуде.