21.11.2014
СІМ хабарлағандай, Астрид Торс Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы қоғамды құрудағы тәжірибесінің бірегейлігін атап өтті.
Аз ұлттар істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғары комиссары 2013 жылы Алматыда қабылданған Қазақстанның Орталық Азиядағы білім беру жоспарына оң бағасын берді және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жоғары бағалады.
Ведомсвтодан хабарлағандай, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің делегациясына Елбасының «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауының негізгі тұстары таныстырылды. Атап айтар болсақ, халықтың әл-аухатын арттыру мақсатында экономиканы тиімді дамыту жоспары кеңінен баяндалды.