• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан әлемдегі жаһандық процестердің теріс ықпалдарына тиімді шара қолдана алады – сарапшы 21.11.2014

Қазақстан Президентінің айтуынша, білім беру, денсаулық сақтау жүйелерін дамыту бағдарламаларының іске асырылуы жалғаса береді. Осы орайда индустрияландыру бағдарламасы аясында ғылым мен экономика салаларының байланысын қамтамасыз ететін және қажетті мамандарды дайындайтын ЖОО анықталатынын айтты.

«Осынау маңызды міндеттемелерді орындауда білім беру саласындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды. Физика мен химия салаларының білікті және кәсіби мұғалімдерінсіз осынау ғылым салаларын әлемдік бәсекелестікке жетелеу мүмкін емес. Мысалыға, мұнай химиясы саласының аталмыш сала мамандарынсыз алға ілгерілуі де қиын. Сол себепті, менің ойымша, Жолдауды дер кезінде және сапалы орындауға көңіл аудара бастау керек. Бұл барша қазақстандықтарға артылған жүк», - дейді профессор өз сөзінде. 


Back to the list