21.11.2014
«Мен Мемлекет басшысының Жолдауымен мұқият таныстым, әсіресе, қәзіргідей, әлемдік экономика мен геосаяси жағдай күрделеніп, тұрақсыздық жайлаған кезеңде. Ұлттық қордың резервін пайдалану ұлттық даму жүйесінің тиімділігін арттыруға жасалған батыл қадам болып табылады», - дейді Ч.Шоқанов.
«Қазақстан, оның ішінде елдің кәсіпкерлік саласы, 2015 жылы жаңа экономикалық саясат аясында дамитын болады. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдаудағы мемлекет рөлінің маңыздылығын атап өтті. Сондықтан мені бизнеске бағытталған қолдау шаралары әсіресе қуантады. Оның аясында кәсіпкерлерге берілетін жеңілдетілген кредиттердің сомасын ұлғайту жайы қарастырылған. Осы мақсатқа 100 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр, бұл, әлбетте, елдің бизнес-бейнесіне оң ықпал етіп, Қазақстан экономикасын одан әрі дамытуға септігін тигізеді, оның соңы барша азаматтардың әл-ауқатын арттыруға жағдай туғызады», - деп атап өтті құрметті консул.
«Бизнесмен ретінде күрделі саяси жағдайда президенттік жоспардың уақытылы орындалуы түрлі сын-қатерлер мен дағдарысқа қарсы тұруға жәрдемдесіп қана қоймай, әлемнің ең дамыған «отыз мемлекетінің» қатарына қосылуға көмектеседі. Мәселенің құны осындай», - дейді ол.
Сөзін қорытындылай келе Чермен Шоқанов: «Президент Жолдауы – жалаң «теоретизация» емес, ұлттық бірлік, тұрақтылық пен келісім сынды мемлекетқұраушы құндылықтарды нығайтуға көмектесетін нақты іс-әрекеттер жоспары», - деген пікірін білдірді.