• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасының Жолдауы – Қазақстан дамуының жаңа экономикалық стратегиясы 21.11.2014

«Елбасымыз қашаннан Қазақстан халқының бірлігіне үлкен маңыз беріп келеді. Еліміздің басты құндылығы елдегі бейбітшілік пен бірлік, экономиканың тұрақтылығы, этносаралық татулық пен толеранттылық екенін ешқашан ұмытпауымыз керек», - деді ол.

Еліміздің қарыштап дамуын  бағдарлаған бағдарламалар тиянақты жүзеге асқанда ғана Қазақстан өркендеген ел болатыны сөзсіз. Егемен еліміздің әр күні айтулы оқиғаларға толы. Сан алуан ұлт мекендеген тәуелсіз мемлекетіміз әлем сахнасына достық пен татулықтың жерұйығы ретінде көтеріліп, өркениетті де дамыған елдердің ортасынан ойып тұрып орын алғаны барша отандасымызды қуантады, деді ол.

«Қазақстандықтар ел ертеңіне нық сенімді. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Бұл сөзі мен ісінде алшақтық болмайтын біртуар тұлғаның көсемдігі мен көрегендігінің жемісі, экономикасы дамыған, тұрақтылығы мығым Қазақстанның ілгері тартқан көшінің көліктілігі, бағыт-бағдарының айқындығы дер едім. Біз әр жылдан үлкен үміт күтеміз. Ол үмітіміз, шүкір, ақталып та келеді», - деді Қадырғалиев.

Сондай-ақ, Жолдауда білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, инвестиция тарту, бюджет және басқа қоғам дамуының тетіктері сынды мәселелерге ауқымды орын берілген. Бұл болашақ ұрпақтың өмірінің сәулелі болуын қамтамасыз ететін Жолдау екені айдан анық, деп толықтырды ол. 


Back to the list