21.11.2014
«Қазақстанның көпвекторлы саясаты қазақстандық халыққа бағытталған, ол айқын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болашаққа бастайтын жаңа жолдың 10 негізгі талабын атады. Ол қазақстандықтарға жақын арадағы жылдары бағыт болады», - деді А.Ничкасов.
Елші атап өткендей, аталмыш жұмыс елдің дамуына ғана емес, интеграциялық үдерістің дамуына да әсер етеді. «Біз бұны Қазақстанның дәстүрлі серіктестерімен қарым-қатынасынан байқап отырмыз. Бұл ТМД елдері, Еуразиялық экономикалық одаққа кірген 3 ел. Сондай-ақ, еуразиялық кеңістік пен орта азиялық елдердегі заманауи экономиканың келбетін анықтайтын ірі көрші елдер де бар, олар – Ресей, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия», - деді ол.
Оның айтуынша, аталған елдер мен аймақтар Қазақстанмен өзара қарым-қатынасы аясында болашақ экономиканың сәулетін әзірлеуде.
«Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың міндеті айқындала бастады.Барлығымыз бұл іске қатыстымыз. Сәттілік интеграция үдерісінде біздің елге серік болады», - деді ол.
Камила Амирова