20.11.2014
«Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 11 қарашада өткен жылдармен салыстырғанда ерте 2015 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауын таныстырды. Онда Елбасы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын қабылдайтыны туралы хабарлады. Дәл осы күні «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті», - делінген шетелдік ақпараттық агенттіктің хабарында.
Қазақстан басшысы мәлімдегендей, Үкіметтің жыл соңына дейін 2015 жылы жұмыс істеуге дайындалып үлгеруі үшін ел халқына жолдау алдын-ала дайындалды.
Бұл Жолдауда Н.Назарбаев, Қазақстан «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға көшетіні туралы мәлімдеді. Сонымен қатар ол, осы бағыттың арқасында Қазақстанның экономикалық құрылымын толықтай оңтайландыру өз мақсатына жетеді деп сенім білдірді.
Бұдан басқа ақпараттық агенттіктен атап өткендей, Н.Назарбаев бұл экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметі 6 млрд долларға жуық қаржы бөледі деп хабарлады. «Болашақта Үкімет тағы 9 млрд доллар бөледі». «Бұдан басқа, Дүниежүзілік банк, Азиялық даму банкі, ЕҚҚДБ мен ИДБ аталмыш экономикалық саясатты жүзеге асыруға 9 млрд доллар бөлуге әзір».
Мемлекет басшысы атап өткендей, қомақты қаржы ШОБ дамыту, көліктік-логистикалық магистралдардың, АЭА құрылысы мен энергеиткалық инфрақұрылымдарды жетілдіру үшін және өзгеде мақсаттарға жұмсалады. Осы ретте Н.Назарбаев тоғыз жолдың торабы Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізінің құрылысын жылдам аяқтау керек екенін қадап айтты.
Жалпы, Н.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында аталмыш жаңа экономикалық саясатқа зор үміт артады. Ол оны «алдағы жылдардағы ел экономикасы өсімінің қозғалтқышы» деп атады және ол әлемнің дамыған 30 елінің қатырына кіруде шешуші қадам болады деп есептейді.