20.11.2014
«Өз Жолдауында ҚР Президенті Н.Назарбаев әлемдік экономика жағдайына дәл диагноз қоя отырып, оны алып шығудың ғана емес, сонымен қатар «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» ортамерзімді даму саясатын ұсынып отыр. Президенттің жаңа экономикалық саясаты нық және орынды», - деді ол.
Э.Омуралиев атап өткендей, Президент қаржы-экономикалық дағдарыс уақытында ЖІӨ мен мультипликатипті әсерге ие болатын салаға қаржыны бағыттауды ұсынды. Бұл көлік-логистикалық, индустриалды және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту.
« «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» бағдарламасының мақсаты – қиын кезеңде тұрақтылықты сақтап бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыру. Білім беруді дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларына басымдық беру қажеттілігіне назар аудару», - деді ол.
Сондай-ақ, Қырғыз Республикасының елшісі атап өткендей, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жалдамалы баспананың құрылысы ол халыққа аз пайызбен ұсынылады, апаттық мектептердің проблемалары, 3 ауысымды білім беру, балабақшалар құрылысы Президенттің бас назарында тұр.
«Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдауды жалғастыру, оны 2050 жылға дейін жалпы ішкі өнім үлесін 50 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл елдің орта табының деңгейін арттырады, ол ел халқының өмір сүру индикаторын анықтайды», - деді елші.
Э.Омуралиевтің айтуынша, Президент сондай-ақ, жастар мәселесіне көңіл аударды. Этникааралық келісім мен қазақстандық қоғам сенімділігін нығайтуға да көңіл аударды. Себебі ынтымақтастықтың сақталуы тұрақты мемлекеттің негізі.
Индира Кауметова