20.11.2014
Павлодар және Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінде ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашақа бастар жол» Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті.
«Елбасының әр Жолдауы – елдің экономикасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған стратегиялық құжат. Жолдауда елдің одан әргі дамуы, мақсатқа жетудің нақты жолдары мен басымдықтар,атқарушы органдарға қойылатын талаптар айтылған», - деді Павлодар облысы ТЖ Д бастығы Мылтықбай Айтжанов.
Сондай-ақ, ШҚО ТЖ департаментінде Елбасы Жолдауын терең зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді, оған «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен Семей қаласы «Нұр Отан» партиясының кеңесшісі қатысты.
Кеңес барысында қатысушылар Жолдауда көрсетілген маңызды мәселелерге назар аударды. Болашақта оларды негізгі бағдар ретінде қолдану қажет.