• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
С. Мұхамбеталиев: Президенттің Жолдауы - қазақстандықтардың даму даңғылы 20.11.2014

«Елбасымыздың денсаулық сақтау және білім беру саласын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру туралы мәселені көтергені білім беру саласының өкілі ретінде, өз басым үшін қуантатын жайт. Бұл айтылған жай ғана сөздер емес, бұған сандар дәлел бола алады.  Президент апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларының шешімін табуды тапсырып, 70 миллиард теңге бөлді», - деді С.Мұхамбеталиев.

 Сонымен қоса мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі  жою мәселесіне 20 милииард теңге қаражат бөліп тапсырды. Президент бұл мәселені шешуде жеке секторларды тартуға көңіл бөледі.

«Біздің қаламызда мемлекеттік – жеке серіктестік нысанында жақсы мысалдар келтіруге болады. Президент жолдауынан кейін біздің өңіріміздің кәсіпкерлері бұл жұмысқа белсене қатысады деген ойдамын», - деді ол.

Білім беру саласының қызметкерлері үшін қызықтырған тағы да бір мәселе, индустирияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықтау.

Оның пікірінше, бұл оқу орындарының материалдық – техникалық базаларын нығайту үшін бұл  тапсырманы іске асыруда жоғары оқу орындарының балансы сақталады.Өйткені, университеттің педагогикалық бейімі бойынша мектеп және колледждерге даярлайтын математика, физика және химия пәнінің сауатты оқытушыларынсыз мұнай химия салаласы мамандарын дамыту мүмкін емес.

С.Мұхамбеталиев атап өткендей, колледжіміз «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша кадрлар даярлайды және бұл мәселенің шешілуі түлектеріміздің жұмысқа орналасуға  ықпалын тигізеді деген ойдамыз. Елбасымыздың басты міндеттемелердің бірі жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері болып табылады.

«Түйіндей келе, Жолдауда қойылған тапсырмалар мен  міндеттерді іске асыру жолдарында  Елбасымыз өз халқын, өз елін дағдарыстан қауіпсіздендіруді, болашаққа деген халықтың сенімділігін нығайтуды алға тарта келе, Қазақстанның 30 дамыған әлемдік елдері санатына енуге зор мүмкіншілігі бар екенін нақты атап көрсетті.  Облыстың білім беру қызметкерлерінің атынан еліміз жаңа дағдарысты сәтті өткеріп қана қоймай, сонымен қатар отандық экономикамыздың айтарлықтай өсуіне сенімімізді білдіреміз», - деді ол.

 

 


Back to the list