• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Нұрлы жол - әрбір қазақстандықтың бас­ты ұстанымы болуы керек  – Ә.Әбдіхалықова 20.11.2014

«Мемлекет басшысының атап өтуінше, халықтың сенімін ақтау, қиын жағдайдан аман-есен алып шығу жағдайларын ойластыру керек», - деді ол.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауда өміршең жобаларды жандандыру, тамақтану өнеркәсібін дамыту және жол инфрақұрылымын өркендету жөнінде нақтыланған міндеттер көңілімнен шықты.

Оған қоса, мамандар даярлауда жоғары оқу орындарын өндірістің сала-саласы бойынша бейімдеп, олардың материалдық базасын нығайтуға арнайы қаражат бөлінетіні жайлы айтқаны қуантады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы этникалық қарым-қатынасқа байланысты да көңілге қонымды жайттарды жария етті. Әсіресе, елдің ауызбіршілігі, ынтымағы, ұрпақтар сабақтастығы туралы жақсы айтты, деді ол.

«Елбасының Жолдауы  әрбір қазақстандықтың бас­ты ұстанымы болуы керек деп ойлаймын», - деді Ә.Әбдіхалықова.

 


Back to the list