• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасының Жолдауы еліміздің 30 дамыған ел қатарына еніп, Мәңгілік елге айналатынына нық сендіреді – Ерманов 20.11.2014

«Ұлттық қорға жиналып келген қаржыны тиімді пайдаланып, ел экономикасын әлсіретпеу ойластырылған. Осы орайда Елбасы «Үкіметке Ұлттық қордан бөлінген қаржының тиісті бағыттар бойынша тиімді және орынды жұмсалуын қамтамасыз етуді жүктеймін. Әрбір теңгенің қатаң сұрауы болады» деп нақты айтты», - деді ол.

Нұрсұлтан Әбішұлы осы Жолдауы арқылы кезекті мәрте бизнеске бейжай қарамайтынын дәлелдеді. Және оның дамуына қолайлы жағдай жасау күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі екенін жеткізді. Бұл мақсатқа ел мен елді байланыстыратын, өңірлер арасындағы күре тамыр саналатын жолдар торабын ретке келтіру арқылы қол жеткізу ұсынылды, деп толықтырды ол.

«Жолдар құрылысы қосымша 200 мың жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, елдегі жұмыссыздықты төмендетуге, Қазақстандағы өндіруші кәсіпорындардың қарқынды дамуына мүмкіндік бермек. Алдымыздағы жылдан бастап орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға Ұлттық қордан 500 млрд. теңге бөлінетіні белгілі болды. Бұл бизнесті тағы бір серпілтіп тас­тайтыны анық», - деді ол.

Сонымен бірге, елді қуантқан жағымды жаңалықтың бірі бұл баспана мәселесіне қатысты болып отыр. Жаңа Жолдау бойынша елімізде пайыздық мөлшері төмен және бастапқы жарнасы төленбейтін жаңа бағдарлама іске қосылатын болды. Сондай-ақ, апатты жағдайдағы мектептер мәселесі көтерілді. 2016 жылы Қазақстанда апатты жағдайдағы мектептер болмауы керек.

«Елбасының биылғы Жолдауы еліміздің 30 дамыған ел қатарына еніп, Мәңгілік елге айналатынына нық сендіреді», - деді Ерманов.


Back to the list