20.11.2014
«Елбасының жолдауын тыңдап, әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайда отандық экономика қосымша күш алатының байқауға болады», - деді ол.
Нұрсұлтан Әбішұлы елдің кәсібіне және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасауға көңіл бөлді. Ұлттық қордан бизнес саласына бөлінген қаражат кіші және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қолданылады, бұдан мемлекет әр түрлі жобалардың іске асырылуын күтеді. Өткен жылдардың тәжерибесін ескере отырып, осындай демеушілік орынды деп айтуға болады, деді ол.
«2015 жылы бүкіл Қазақстан, соның ішінде елдің кәсіпкерлік саласы, жаңа экономикалық саясат жағдайында дамитын болады. Елбасы жаңа жылдан бастап кәсіпкерліктер белсене жұмыс жасауға және басымдылықтарды жүзеге асыратын стратегиясын шығаруға ықпал еткен бизнес тексеру бойынша жарияланған мораторийдын мерзімі аяқталатының аңғарды», - деді ол.
Алайда, бұл бизнеске жүк-салмақ түсетінің білдірмейді. Мамандар айтуы бойынша 2015 жылы тексеру тәртібі өзгере отырып, әкімшілік кедергілер азайып және қажетті емес бюрократия жойылып, бизнестін дамуына қолайлы жағдайлар туындайды.
«Барлық бизнес-қауымдастыққа бірлесе отырып, елдің «Нұрлы жол – путь в будущее» жаңа бағытын жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс бастау қажет. Бұл біздің мақсаттарымызбен міндеттеріміздін жаңа басымдылығы. Бізге тек белсенді жұмыс атқару керек», - деді ол.