19.11.2014
«Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдаудың ерекшелігі – Ұлт көшбасшысы күрделі геосаяси жағдайда, алдағы бесжылдық еліміздің экономикалық дамуындағы жаңа кезең болуы тиіс екендігін қадап айтты», - деді ол.
Барша Қазақстан халқы үшін стратегиялық маңызды құжатта аталып өткендей, жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары белең алған кезде тек экономикалық саясатты қайта бағдарлап, жеделдетілген индустрияландыруды жүргізіп, инфрақұрылым мен инновацияны дамыта отырып, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізгенде ғана Қазақстан қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қатерлерге төтеп беріп, әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болмақ, деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы осы қаражатты ұтымды жұмсау мәселесіне баса мән берді.
Осы бір маңызды міндеттерді шешу жолында еліміздің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының рөлі мен маңызы арта түспек. Тәуелсіз сыртқы мемлекеттік бақылаудың конституциялық органы ретінде Есеп комитетінің жауапкершілігі аясына ұлттық ресурстарды басқару, бюджет қаражатын алушылардың қаржы тәртібін нығайту сияқты міндеттер кіреді.
«Жаңа экономикалық саясатты іске асыру жағдайында Есеп комитеті еліміздің жоғары қаржы бақылау органы ретінде әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ оның жұмсалу тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы белгілеген міндеттерді іске асыру үшін бар күшін салатын болады», - деді ол.