• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жолдауда еліміздің әрбір азаматына елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы аманатталды – Қожасов 19.11.2014

«Күні кеше барша қазақстандықтарға жол тартқан Президентіміздің жаңа Жолдауы да әр азаматқа келелі міндеттер жүктеп отыр. Ертеңгі күнге деген сенімге, тұрақтылық пен келісімге, ұрпақ бақыты – бейбітшілікке апарар «нұрлы жолды» айқын көрсетті. Мемлекетіміздің әрбір азаматына елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы аманатталды. Мүмкіндігіміз шектеулі болса да, Елбасы міндеттеген межеге жету жолында аямай күш-жігерімізді жұмсап, құлаш сермеуге дайынбыз. Өйткені, «Нұрлы Жол» «Мәңгілік ел» болудағы адастырмас басты сүрлеуіміз болмақ», - деді

Оның айтуынша, мемлекетімізде мүгедек жандарға тиісті дәрежеде көңіл бөлінген. Олар үшін Қазақстан үлкен мүмкіндіктерге жол ашып, кедергісіз аймаққа айналып үлгерді. Бұл санаттағы адамдар мемлекетіміздің арнайы заңымен қорғалуда.

«Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың қолдарынан келгенше қызмет етіп, еліміздің мәдени және спорттық өміріне толық араласып жүргені осы заңның жүзеге асып жатқандығының көрінісі деп білемін», - деді ол.

Ол атап өткендей, «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының, мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде кедергілер еңсеріліп, қиыншылықтар артта қалды. Қазір мүгедек спортшылар талай жарыстарда топ жарып, тамаша жетістіктерімен көзге түсіп жүр».


Back to the list