• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Е. Тоғжанов: Президенттің халыққа Жолдауын жүзеге асыру ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға байланысты (ВИДЕО) 19.11.2014

«Ассамблея - ол үлкен бірлігі жарасқан отбасы, онда қоғамдық келісім, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік, отбасылық құндылықтар дәріптеледі», - деді ол.

Сонымен қатар, Е. Тоғжанов атап өткендей, Қазақстанның аймақтарында ҚХА жанынан  отбасындағы толеранттылық мәселелері бойынша 210 Аналар кеңесі жұмыс істейді. «Олар барлық деңгейде: облыстық, аудандық, ауылдық деңгейлерде жұмыс істейді. Облыстық кеңестердің құрамына 335 адам мүшелік етеді, олардың ішінде этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың жетекшілері және өзгеде белсенділер бар», - деп атап өтті  Е.Тоғжанов.

Бұдан басқа, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі толықтырып өткендей, Кеңестің  құрылғанына бір жылдан астам уақыт ішінде республика бойынша 85 шара өткізілді.

Индира Кауметова


Back to the list