• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік ел баянды болу үшін Нұрлы жол  даңғылы бойында   аянбай еңбек ету - профессор 19.11.2014

«ХХ І ғасыр Қазақстан ғасыры деп жария етілді, сондықтан бұл ұранның үдесіне шығу үшін, дамыған 30 елдің қатарынан көріну қоғамның даму қарқынын одан әрі еселей түсуіміз керек. Сонымен қатар барлық аймақтар темір жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек», - деді ол.

Оның айтуынша, Астана әлемдік меридианның кіндігі іспеттес шаһарға айналуда. Ертеректе барлық жолдар Римге келіп тіреледідегендей, Астананы да әлемдік саяси – экономикалық мәселелердің, мәдениеттің қиылысқан жеріне айналдыруға бола бастағанының куәсі болудамыз. Астана Елбасының өзі аялаған ұл баласындай, сондықтан ол тоты құстай әсемдікпен келісіп, тоқсан жолдың тарабына айналуы халқымыздың мақтаныш сезімін кернейді.

«Жалпыұлттық идеямыз – мәңгілік Ел баянды болу үшін Нұрлы жолдың даңғылының бойында бірлігімізді мекендеп, аянбай тер төгуіміз керек. Ол ХХІ ғ. Қазақстан қоғамының күш-қуатын біріктіруші мызғымас құндылық», - деді ол. 


Back to the list