• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Нұрлы жол –  орындалуы міндетті саяси құжат 18.11.2014

«Жолдауда айтылғандардың барлығы өте маңызды, халықтың жағдайын жақсартуға тікелей бағытталған мәселелер. Қазіргі таңда, жасыратыны жоқ, баспаналы болудың қиындығы аз емес. Елбасы осы мәселені шешудің тиімді бір жолын атап көрсетті. Ол Қазақстанда пайыздық мөлшері төмен және бастапқы жарнасы төленбейтін жаңа бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді», - деді ол.  

Оның айтуынша, баспанаға мұндай қолжетімділік бұрын-соңды болған емес. Елбасы осы бағдарлама бойынша баспана құрылысына 2015-2016 жылдары қомақты қаржы бөлінетінін де жеткізді.

«Басқа да көп көкейтесті мәселелердің шешімі көрсетілген Жолдауды бар ынта-ықыласпен тыңдадым және барлығын қолдаймын. Халыққа жасалған қамқорлық үшін қуанамын. Ендігі жерде баршамыз ынтымақ пен бірлікті ту етіп, Елбасының ой-тұжырымжадамаларынан туындайтын міндеттерді орындауға күш салуымыз керек. Себебі Жолдау – міндетті түрде орындалуы тиіс саяси құжат», - деді ол.

 

 


Back to the list