• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Нұрлы Жол» Жолдауы босқа  әлем қауымдастығының қызығушылығын тудырып отырған жоқ - Тоқаев 18.11.2014

«Жолдау өзінің мағынасы бойынша еліміздің шекарасынан шығып кетті, яғни оны халықаралық құжат десек болады. Орталық-азиялық мемлекеттің дағдарысқа қарсы шаралары  халықаралық қаржы институттары мен заманауи геосаяси ойынның ірі ойыншыларының назарын аударды. Соншалықты үлкен қызығушылық түсінікті, себебі Елбасының халыққа Жолдауы үлкен сараптамалар мен ойларға азық бола алады», - деп атап өтті Қ. Тоқаев.

Оның пайымынша, бұл құжатта дағдарыстан шығудың әбден тексерістен өткен жолы көрсетілген. Мемлекет басшысы сүбелі қаржылай көмекті ел азаматтарының әл-аухатын арттыру үшін экономиканы тұрақты дамытуға бағыттауды ұсынды.

«Қазақстанның стратегиялық артықшылығы ол аумалы төкпелі заманға қарамастан экономикалық серпіліс жасау үшін дағдарысқа қарсы шараларды кезең кезеңімен жүзеге асыру болып табылады. Менің ойымша, «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының мағыналық негізі осы, - деді  Сенат төрағасы.

 


Back to the list