18.11.2014
Ол атап өткендей, Президент Н.Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты - нәтижесінде Қазақстан экономикасының әлеуетін арттыратын әрекеттердің нақты жоспары. Қазақастан - экономикасы нарықтық мемлекет, сондықтанда әр қазақстандықтың арманы орындалуы үшін әр азамат өз үлесін қосу керек.
«Инфрақұрылымдық даму жоспары - ел азаматтарының өмір сүру сапасын бірнеше деңгейге көтеретін Қазақстан үшін қажетті серпін. Ел қажеттілігінің артуы ол дамып келе жатқан Қазақстан үшін заңды. Сондықтан да Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» - әр азаматтың өсіп жетілуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған», - деп баса айтты генерал.
Оның пайымынша, алдағы үлкен мүмкіндіктер жоғары деңгейдегі жауапкершілікті алып келеді. Мәселен, астаналық құтқарушылардан жоғары кәсіби біліктілік пен мінсіз жұмыс талап етілетін болады. «Астана қаласыныңы ТЖД міндеті өз құтқарушыларының біліктілігі мен шеберлігін арттыру. Құтқарушылардың жеделділігі, нақтылығы мен біркелкі жұмысы халықтың оларға деген сенімін сақтап, нығайта түседі. Жалпы, инфрақұрылымдарды жетілдірумен қатар қазақстандық құтқарушылардың кәсіби біліктілігі де артуда», - деп түйді елордалық ТЖД бастығы.