18.11.2014
«Бүкіләлемдік дағдарыс кезінде ел экономикасына Ұлттық қордан 500 миллиард теңге бөліп, экономиканың дамуына жаңа серпін беріп отыр. Соның ішінде мемлекеттік маңызы бар экономикалық, нарықтық, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ерекше басымдық берген», - деді ол.
Ол атап өткендей, «тұрғын үйге ие болу — әрбір кәмелетке толған азаматтың басындағы мәселе. Президенттің кезекті Жолдауында атап көрсетілгендей, тұрғын үйге ие болу шын мәнісінде қолжетімді болғалы тұр. Бастапқы жарнасыз және ең төмен пайыздық мөлшерде ипотекалық несиелендіру реформасын жеке басым түбегейлі қолдаймын».
«Қазір Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 10 мыңнан астам жас білім алады. Жолдаудағы қолжетімді тұрғын үй және жастар саясатына қатысты өзге де маңызды жаңалықтарды студенттер арасында кеңінен түсіндіріп, насихаттау жұмысын бастап кеттік. Жалдамалы пәтерлер санын көбейту — университет түлектері, жалпы жас мамандар үшін тиімді болмақ. Бұл — еңбек жолын жаңадан бастайтын жас мамандарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау», - деді Қаратаев.
Оның айтуынша, «Нұрлы жол» — әрбір қазақстандықтың мағыналы да, мазмұнды өмір сүруін қамтамасыз ететін, алдымызға нақты мақсаттарды айқындап берген құжат.