• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Нұрлы жол –ел бірлігі мен «Мәңгілік ел» идеясын жан-жақты насихаттауды жалғастыру – А.Осман 17.11.2014

««Мәңгілік Ел» идеясының тамыры тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған», – деді Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты  Жолдауында. Көрдіңіздер ме, Президентіміз бізді тарихтан тәлім  алуға шақырады. Бабалар салған сара жолды сақтауға үндейді. Өйткені қазақ халқының бірлігі пен татулығына ежелден сызат түскен жоқ», - деді ол.

Келер жылы Қазақ хандығының 550, Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын кең көлемде атап өтеміз.

«Елбасы өз Жолдауында осындай атаулы мейрамдарды назардан тыс қалдырған жоқ. Мұндай мейрам халықтың бірлігін бұрынғыдан да арттыра түсетіні сөзсіз. Әрі елдің рухын көтеруге, патриоттық сезімін өркендетуге жол ашады. Сонымен бірге, Елбасы Жолдауда 2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялады. Бір мақсат пен бір мүдде жолында өркендеп келе жатқан Қазақстан тарихи татулыққа осылай құрмет көрсетті», - деді ол.

«Ауызбірлік қашқан, алауыздық тасқан жерде жалпыұлттық идеялар жүзеге аспайды. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік пен береке», – деді Елбасы. Расымен де, бүгінде біздің мемлекетті әлем бірлігі жарасқан өркениетті ел ретінде таниды. Мұндай абыройға бөлену оңай емес. Біз тарих үшін тым аз уақытта экономикамызды түзедік. Бағытымызды айқындап алдық. Рухымызды қайта көтердік. Бірлік пен достық жолында Елбасының маңдай тері өтелді. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың құндылығы ел бірлігі мен «Мәңгілік Ел» идеясын жан-жақты насихаттауда жатыр», - деді.

 


Back to the list