17.11.2014
Облыс активінің алдында сөз сөйлеген Бақтықожа Ізмұхамбетов стратегиялық құжаттың жүзеге асыруын Атырау облысындағы жұмыспен байланыстырды.
«Жаңа экономикалық саясат біздің елдің алдағы 5 жылдық дамуын анықтайды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары елдің экономикалық қуаты ғана емес, егемендігі, Ұлттық қоры тұрақтанды. Біз барлығы бірлесіп жатқан әлемде өмір сүрудеміз, сондықтан да өзге елдерде болып жатқан өзгерістер бізге ықпал етіп қоймайды. Мемлекет басшысы елдің қандай қиындықтарымен көзбе-көз шығуын жоспарлап 2015 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге асатын «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жариялады», - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, Елбасы өз Жолдауында негізгі 7 бағытты атап көрсетті. «Олардың жүзеге асуы Атырау облысының дамуына әсер етеді. Біріншісі – инфрақұрылымдық тіректің құрылуы, ол Астанамен макроөңірлерді байланыстырады. Негізгі бағыттағы жол жөндеу, оның ішінде Астана-Ақтөбе-Атырау, Атырау-Астрахан жобалары бар. Бұл аймақ экономикасының дамуына жаңа серпін бермек», - деді ол.