• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Нұрлы Жолдың» барлық жеті бағытын іске асыру жаңа кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарын ашуға мүмкіндік береді – Садуақасов 17.11.2014

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Жолдауының басым бағыттарын баяндап, бағдарламалық құжатты іске асыру бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдеріне нақты міндеттемелер жүктеді.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында өңірлерде не қажеттің бәрі бар екенін айта келіп, ашылған бағдарламалар, бөлінген қаражат пен ресурс «Нұрлы Жол» бағдарламасын экономиканың қозғаушы күшіне айналыдыратынын айтты. Экономикалық саясаттың атқарылар шараларының барлық бағыттары өңірлік жалпы өнім көлемін арттырып, жаңа кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарын ашып, көпжақты пайдасын тигізетінін тілге тиек етті», - дейді облыс әкімі.

Өз сөзінде әкім облыс басшылығының басымдылық беруі керек болған бағыттарына жеке-жеке тоқталды. Бұл бәрінен бұрын көлік-тасымал саласы, индустриялды даму, энергетика, тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылым мен ТКШ жаңғырту және сумен, жылумен қамтамасыз ету. Бұдан бөлек шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту да басты назарда.

«Сонымен қатар, облыс әкімі мемлекеттік қолдаудың арқасында Қостанай облысында соңғы жылдары оң өзгерістердің болғанын айтты. Мысалға, Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 бағдарламасы аясында жыл сайын бөлінетін қаражат көлемі артуда. Егер 2011 жылы осы мақсатта облысқа 1,3 млрд теңге бөлінсе, биыл аталмыш көрсеткіш 3 млрд теңгеге дейін артты», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі бұдан бөлек өңірдің тау-кен өнеркәсібіне деген тәуелділігінен айырылып келе жатқанын алға тартты. 2011 жылы тау-кен өнеркәсібінің жалпы өнім ішіндегі үлесі 65 пайыз шамасында болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 48 пайызға дейін азайып, өзге де өндіріс ошақтарынан алға ілгерілеушілік байқалады.


Back to the list