• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Семей қаласының студенттері Елбасы Жолдауын қолдайды 17.11.2014

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Тәрбие ісі және жастар саясаты бөлімінің қолдауымен Студенттік Парламент бастаған университеттің жастар ұйымдары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауын таныстыру мақсатында студенттер арасында талқылау жүргізді», - делінген хабарламада.

Студенттер Жолдауда қарастырылған маңызды мәселелер жайында пікір алмасып, негізгі бағыттарын талқылады. Елбасы тарапынан қойылған мақсаттарды іске асыруға өз үлестерін қосатынын тілге тиек еткен студент жастар Жолдауды қолдайтындарын айтты.

Жолдауды студенттер арасында насихаттау жолдарын ұсынып, белсенді ұйымдар өз ойларын ашық жеткізе білді. Тәрбие ісі және жастар саясаты бөлімі алдағы уақытта университет қабырғасында Жолдауды іске асыру мақсатында өткізілетін шаралар жоспарын жүргізуге студент жастардың қолдау көрсететініне сенімді.

 


Back to the list