17.11.2014
«Нұрсұлтан Әбішұлы алдағы үш жылдың оңай болмайтынын бұдан бұрын да айтып өткен-ді.Енді міне, кездесетін қиындықтардан алып шығудың нақты жолын көрсетіп, оны шешу үшін халықтың нәсібі үшін жинақталған Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлуді тапсырды», - деді ол.
Ол атап өткендей, «Жолдауда берілген тапсырмалар – «Қазақстан -2050» стратегиялық бағдарламасында атап көрсетілген негізгі міндеттерді орындауды жалғастыру болып табылады.Атап айтсам, білім беру сапасын жақсартуда кедергі болатын апатты мектептер мен үш ауысымды оқытуды болдырмау және мектепке дейінгі мекемелердің проблемаларын шешу – алдыңғы кезекке қойылып отыр.Білім ошақтарына 70 млрд. теңге, ал балабақшаларға 20 млрд. теңге бөлінетін болды.Бұл орасан зор қаражат, үлкен қолдау».
«Мемлекет басшысы қолжетімді баспана мәселесін шешудің жолдарын бұдан екі жыл бұрын ұсынған-ды.Міне, осынау маңызды істі шынайы жүзеге асырудың жолдарын тағы да айқындап көрсетіп беріп отыр.«Енді бізге басқа қырынан қарау керек. Мемлекет әлеуметтік арендалық баспананы салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақмерзім жалға беретін болады. Қазіргі кезде қолданыстағы жүйе қомақты қаржыны талап етеді. Бастапқы жарнаны төлеткізеді, содан кейін банктер кабальды пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Адамдар оны төлеуге қауқарсыз және проблемалар туындайды. Бұл бағдарламалар қалады, олар дәулетті адамдар үшін қалыпты», - деді Ә.Исаева.
Ал жаңа бағыттағы бағдарламаны жас отбасылар үшін және баспанаға зәру азаматтарға жасап жатырмыз», - деді Елбасы.Демек, жаңа бағдарламалар арқылы баспаналардың берілу пайызы төмендеп, несиелік қызмет жеңілдетіледі, қазақстандықтарға, әсіресе, жас отбасыларының «аяғына тұсау» болып отырған бастапқы жарнаға тыйым салынады.Осы бағыттың өзіне 2015-2016 жылдарға 180 млрд. теңгенің бөлінуі – істің тура шешімін табатынына сенімімізді арттырды.
Маңызды құжаттағы шағын және орта бизнесті қолдау, көлік жолдарын ретке келтіру, банктер жүйесін капиталдандыру – бәрі де дағдарыстан оңтайлы шығудың жолы, халықтың әл-ахуалын төмендетпей, қайта жақсартатын ашық қадамдар.
«Біздің міндетіміз – Елбасымызға тіреу болып, берілген тапсырмаларды өз салаларымызда, өз орындарымызда бұлжытпай орындау болып табылады», - деді ол.