16.11.2014
«Жолдауда әлемдік экономика дамуының қазіргі ахуалы айтылып, Қазақстанның Жаңа экономикалық саясаты жарияланды және таяу келешекке бағытталған негізгі басымдықтар айқындалды», - деп атап өтті Қ.Мәми.
Сот жүйесінің үйлесімді жұмысы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. «Ағымдағы экономикалық жағдайда сот жүйесінің алдында кәсіпкерлік субъектілері қатысатын сот істерінің қаралуын жеделдету, сот өндірісін жеңілдету және төрешілдік рәсімдерді азайту жөнінде маңызды міндеттер тұр», - деді Жоғарғы Сот Төрағасы.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров сөз сөйлеп, соттардың азаматтық-құқықтық дауларды шешуінің қазіргі жай-күйін баяндады.
Селекторлық кеңесті қорытындылай келе, Қайрат Мәми судьялар корпусының алдына жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау сапасын жақсартудың жүйелі шараларын іске асыру жөнінде бірқатар міндеттер қойды.