15.11.2014
«Бүгінгі таңда Қазақстанда жаһандық жоспар тұрғысында дағдарыстан шығу келешегі пайда болды. Ұлттық қордың активтері бүгін 76,8 млрд долларды құрап отыр, бұл жыл ішінде ол 6 млрд долларға өсті. Бұл жыл әлі аяқталған жоқ, әлі көрсеткіштер өседі деген үміттеміз», - деді ол.
Мәжілісменнің айтуынша, бүгін Ұлттық банктің алтын валюта қоры 27,4 млрд долларды құрап, 13,69 пайызға өсті.
«Біздіңше, аталмыш ұстаным, яғни Ұлттық қор дағдарыс кезінде тығырықтан алып шығу мүмкіндігін ұсынады», - деді ол.
Өз кезегінде А.Қоңыров валюта бағамы ел ішінде өзгермейді, себебі инфрақұрылымдық жобалар ұлттық валютада жүзеге асады.
Индира Қауметова