16.11.2014
«Мемлекет басшысы өзінің саяси сауаттылық тәжірибесінің арқасында жаңа шаралар қолдануда. Көптеген мемлекеттер дағдарыстан кейін шаралар қолданса, Қазақстан дағдарыстың алдын алу шараларын әзірледі. Біздің мүмкіндіктер бірден өсті», - деді ол.
Алшанов атап өткендей, дағдарыс кезінде әлеуметтік факторлар әлсірейді. «Еуропа бүгін қарыз дағдарысынан шыға алмай отыр. Қазақстан өз кезегінде жұмыспен қамту саласын дамытуда, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды көбейтуде. «Нұрлы жолдың» ерекшелігі осында», - деді ол.
Сөз соңында ол Қазақстан бірыңғай ұлттық экономиканы құруға мүмкіндік алғанын айтып өтті. Бұл үшін қаржы бөлінуде.
Камила Амирова