• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасының Жолдауы - ел экономикасындағы құрылымдық реформалардың жанды жалғасы – Хаменова 16.11.2014

«Жолдаудың идеясы өте нақты, ұғынықты, көтерілген мәселелер жинақы болды. Елбасы қазіргі уақыт марғаулықты көтермейтінін баса айтып, Үкіметке Жолдауға байланысты елу күннің ішінде тапсырмалардың тиянақты әрі аса дәлдікпен орындалуын тапсырды. Мен, Елбасының қайратты келбеті мен жасындай жарқылдаған уытты сөздерін тыңдап отырып, бұл тапсырмалардың барлығы да халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайларының жақсаруына, олардың бақытты да бақуатты өмір сүрулеріне жасалынған құтты қадам деп бағаладым», - деді ол.

Қандай тығырықтан болсын жол табу қашан да ауызбірлік пен өнімді еңбекке, экономикалық ұмтылыстардың нәтижесіне байланысты.Жаңа Жолдаудың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»деп аталуына Жаңа Экономикалық Саясат негіз болып отыр. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы ел экономикасындағы құрылымдық реформалардың жанды жалғасы.

«Елбасы қазақстандықтарды тығырыққа тіремеудің жолдарын анық айқындап, экономикалық қаржы көлемін, экономикамыздың өсу жолдарын нақтылап берді. Жолдаудың өн бойында көптеген мәселелер қозғалды. Шынын айтсақ, осы қалайы жоқ. Әлемдік экономикалық бәсекелестіктің күшейіп отырғандығын ескере отырып, экономикалық жоспарларға өзгерістар енгізілуі Елбасының сындарлы, нық саясатының жемісі», - деді ол.

Президенттің жемқорлықты жоймай болашақтан жақсылық күтудің қажеті жоқ екендігін білдірген пікірін толғаныссыз тыңдау мүмкін емес еді.

«Қоғамымыздың басты құжаты - Жолдау біздің алдымызға зор міндет қойып отыр. Бұл барша халыққа үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазақстандай ортақ үйімізге керегі бейбіт өмір, жастарымызға жарқын болашақ, елдігімізге абырой-бедел. Ендеше, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барша әлеуметтің жұдырықша жұмылып, еселі еңбек етіп, туған еліміздің әлеуеті мен сәулеті үшін аянбай тер төгер кезі осы», - деді Хаменова.

 


Back to the list