• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорданың идеологиялық активі жиынында Елбасының Жолдауы талқыланды (Фото) 15.11.2014

«Жолдаудың 5 жылға есептелген және еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының екінші 5 жылдығымен тұспа-тұс келгендігін айтқан аймақ басшысы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды», - делінген хабарламада.  

Жалпы, бұл құжатта мемлекет басшысы 7 бағытқа назар аударды. Соның бірі – кәсіпкерлік саласы. Расымен Елбасы айтқандай, барлық саланы әртараптандыруымыз қажет. Бастысы, кәсіпкерлік экономикалық үлестің тым құрығанда 50 пайызын құрауы тиіс. Бұл мақсат міндеттерді орындауда Сыр өңірі білек сыбана іске кірісіп кетті.

«Біз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішлұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты Жолдауынан Астананың, Елбасының жүрегінен көк аспанымыз бен байрағымыздағы күннің әрбір сәулесінен кең байтақ қазақ жеріне жеткен жарқын жасампаз сәулені сезінгендей болдық. Тәуелсіздігімізді нығайтып, жаһандық дағдарыстар мен жаңа ғасырдың шақыруларына лайықты жауап беретінімізге кәміл сендік. Жаңа кезеңнің жаңа міндеттерін айқындық», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Жолдауда айтылған «Мәңгілік Ел» идеясы, Ұлы Жеңістің 70  жылдығы туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов өз ойымен бөлісті. Ал  Елбасы Жолдауындағы айтылған оқу орындарының материалдық-техникалық базасының жаңартылатындығы,  сондай-ақ келер жылы тойланатын Қазақ хандығының 550 жөнінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қ.Бисенов баяндады.  

 

 

 


Back to the list