15.11.2014
« Нұрсұлтан Әбішұлы ел ішін, халықтың әл-ауқатын жақсы біледі.Шүкір, қазір біздің халқымыздың әл-ауқаты жақсы, тұрмысымыз түзелді, зейнетақыны уақытылы аламыз. Еңбеккерлердің орташа жалақылары да аз емес, студенттердің шәкіртақылары да өсуде. Бұларға қоса жаңа Жолдауда несиеге алатын баспананың ақысын төмендету, мүмкіндігінше тиімді жолдарын қарастыру көзделуде», - деді ол.
Жолдауда «Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз» - делінген.
«Ал, бұл –көптеген тұрғын үйге мұқтаж қазақстандық үшін айтарлықтай көмек.Біз көреген Президентіміздің сарабдал саясаты арқасында ешқандай қиындық көрмей, бақытты да нұрлы өмірге жетеміз деп сеніммен айта аламыз», - деді Ә.Бекеш.