14.11.2014
«Біз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол» халыққа Жолдауын жолдағанының куәгері болдық. Онда Елбасы жаһандану заманындағы хылықтың ынтымағы мен бірлігін атап өтті. Қазақстанның халқы ынтымақпен келісімді қастерлеуі керек, деді. Жалпы, Қазақстандықтар Ұлт көшбасыларымен бірге халықтың бірлігі мен мемлекеттің өсіп өркендеуін таңдады. Мен осы жаңа экономикалық саясаттың арқасында қазақ елі талай белестерді бағындыратынына нық сенемін», - деп атап өтті Елші.
Н.Ализоданың айуынша, Президент әлемде болып жатқан оқиғаларды есепке ала отырып алдын ала шаралар қабылдауда, өзгеде құралдарды пайдалануда. Ол өз кезегінде экономиканың барынша аз шығынға ұшырауына септігін тигізеді. Президент әлеуметтік міндеттемелер бойынша тұрақтылық пен кепілдікті сақтап қалады.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында әлемде болып жатқан дағдарыс пен тәуекелдерді атап көрсетті. Осылайша ол Қазақстанның жаһандық экономиканың құрамдас бөлігі екенін мойындап қана қоймай, дағдарыс Қазақстанға келіп жеткенге дейін алдын-ала шараларды қабылдау керек екенін көрсетті», - деп толықтырды Н. Ализода.
Оның пайымынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауда берген ұсынысы жағымсыз әсерді барынша төмендетеді. Стратегиялық ұсыныс елдің өсіп өркендеуіне жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қарашасында «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы Жол» стратегиялық саяси жоспарын таныстырды.
Индира Кауметова