• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы БҰҰ Жоғарғы комиссарының жоғары бағасына ие болды - СІМ 14.11.2014

«Кездесу басында Жоғарғы комиссар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты үстіміздегі жылғы 11-ші қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауымен танысып шыққанын айтты. Ханзаданың пікірінше, Елбасының қазақстандықтарға үндеуі ертеңгі күнге деген сенімділікті күшейтеді. Президенті Н.Назарбаевтың қоғамдағы этносаралық келісім және тұрақтылықты сақтау маңыздығы туралы идеялары  басқа елдерде қолдануға тұрарлық. Ханзада аль-Хуссейн қазақстандықтардың қазіргі буыны шынымен соғыс және қақтығыссыз бірегей қоғамда өскенін ерекше атап өтті», - деп хабарлады СІМ. 

Өз кезегінде, Қазақстанның Тұрақты өкілі аль-Хуссейнді жоғары лауазымға сайлануымен құттықтап, еліміздің Жоғарғы комиссар басқармасымен жемісті ынтымақтастығына тоқталды. М.Тілеуберді әңгімелесушіні соңғы жылдардағы өзгерістер аясындағы Қазақстан Үкіметінің адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы саясатымен және бағдарламаларымен таныстырды. Ханзадаға «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының мазмұны туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Бұдан кейін Қазақстандық дипломат 2014 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасының адамның негізгі құқықтары және бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау бойынша Екінші ұлттық баяндамасын табысты қорғауы туралы баяндады. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшелері және байқаушыларымен болған интерактивті диалог нәтижесінде Қазақстан жалпы саны 194 ұсыныс алды.

Тұрақты өкіл Жоғарғы комиссар назарын еліміздің БҰҰ құқық қорғау механизмдерімен, оның ішінде Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Арнайы процедураларымен сындарлы ынтымақтастығына аударды. Қазақстан Үкіметінің ашық шақыру жолдаған 2009 жылдан бастап елімізге сегіз БҰҰ Арнайы баяндамашылары сапар шексе, 2015 жылы үш арнайы мандат иелерінің сапары жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жуырда Қазақстан Республикасының Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Елші Мұхтар Тілеуберді Женева қаласында өткен Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның Негіздемелік хаттамасына мүше елдердің 5-ші отырысының Төрағасы болып сайланды.

Қазіргі тұста Қазақстан Республикасы БҰҰ Адам құықтары жөніндегі кеңесінің толыққанды мүшесі болып табылады және мұндағы Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері тобының үйлестірушісі қызметін атқарып келеді. Сондықтан да Қазақстан өкілінің Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызы зор сайланбалы органдары отырыстарының біріне төраға болып сайлануы мемлекетіміздің беделі артуының дәлелі және адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғау бойынша белсенді ұстанымымыздың мойындалуы болып табылады.


Back to the list