14.11.2014
Жиында баяндама оқыған қалалық аурухананың бас дәрігері Серік Кәкенов аудиторияны Мемлекет басшысының кезекті Жолдауының басым бағыттарымен таныстырды.
«Президенттің Қазақстан халқына кезекті Жолдауымен таныса отырып Президентімізге деген үлкен мақтаныш сезімін кештім. Әлемдік экономиканың тұрақсыз жағдайында мемлекеттің дамуында маңызды шешімдер қабылдаған Елбасының көрегендігіне таңдай қақпай қалмасымыз анық. Президенттің барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтау туралы сөзі ертеңгі күнге сенім ұялатады», - дейді бас дәрігер.
С.Кәкенов өз баяндамасында тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуға басымдылық берді.
«Денсаулық сақтау қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету кадр тапшылығын азайтып, соның ішінде қазіргі таңда ерекше сұранысқа ие мамандар санын көбейтуге мүмкіндік береді», - дейді.
Қалалық аурухана басшысы қаладағы денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған 45 пәтерлі үйдің пайдалануға берілгенін айтты. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент күніне қарсы 18 пәтерші тағы бір тұрғын үй өз иелерін табатынын айтты.
Бас дәрігердің айтуынша, болашақтағы әрекеттер жоспарын іске асыру үшін Жолдауда қазақстандықтардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ынтымақтаса жұмыс істеу керек.