• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы – М.Түңлікбаев 14.11.2014

«Биылғы Жолдаудың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деген аты тегіннен-тегін емес. Осы Жолдау әлемдік дағдарыстың елімізге ықпалын азайтып, кешенді бағдарламалар, ұлттық қорымыз арқылы еліміздің әл-ауқатын арттыруға бастайтын жол болмақ», - деді ол.

Ол атап өткендей, «ел мен елді, қауым мен қауымды жалғайтын, аймақтар арасындағы алыс-берісті, барыс-келісті қамтамасыз ететін жол мәселесін Елбасы биылғы Жолдауда басты назарда ұстап, алдағы уақытта сапалы жолдар салынатындығын айтты. Бұл еліміз үшін өте қуанышты жағдай. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ала отырып, біздің мемлекетте заман талабына сай сапалы жолдар салынатын болады. Көңіл көкжиегі кеңіп, аяғымыз ұзарады деген сөз».

Жолдауда мемлекет әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыларды, сондай-ақ бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысының тұрақты қамтамасыз етілетіндігі айтылды. Бұл да болса мемлекеттің тікелей қамқорлығы.

«Сондай-ақ, республикамыздағы барлық апаттық жағдайда тұрған және үш ауысымда оқытылатын мектептерді жөндеу үшін қыруар қаржы бөлінетіндігін айтты. Бұл барлық бүлдіршіндерге, мектеп оқушыларына, балаларға деген қамқорлық, болашаққа салынған инвестиция деп түсінемін», - деді ол.

 


Back to the list