14.11.2014
«Елдің игілігіне қызмет етуге дайын, мемлекет қолдауына үмітті жастар үшін биылғы жолдауда бес бағыттың ішінде басымдық беріліп, ең бірінші мақсат болып қойылған шағын және орта кәісіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету үшін қыруар қаржы бөлінетіндігі, қолынан іс келетін жалындап тұрған жастарға алға ұмтылуға, өз кәсібін бастап, шаруасының тасын өрге домалатуға зор мүмкіндік беріп отыр. Ұлттық қордан шағын бизнесті дамытуға тағы да 100 миллиард теңге бөлінетіндігі елдің әлеуетінің артып, мемлекеттің дамуына пайдасын тигізетіндігіне сенімділігін білдіреді», - деді ол.
Жолдауда аталған жеті айқын бағыттың ішіндегі жастардың қолдауына ие болатыны менің ойымша мектептер мен үш ауысымды білім беру мәселесінің шешімін табатындығы. Сондай-ақ балабақшалардың жетіспеушілігінің жолға қойылатындығы да көңіл қуантады.
«Мемлекеттің болашағы білімді жастар, өскелең ұрпақ десек, жастарға, оқушылар мен бүлдіршіндерге деген мемлекет қамқорлығы – өскелең ұрпақтың болашаққа деген сенімін арттырып, отансүйгіштікке бағыттайтыны анық. Елбасы нұсқаған «Нұрлы жолмен» бағыт алған жастардың келешегінің кемел, болашағының айқын, бағытының түзу болары анық. Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ елінің баянды болашағы үшін құрған сындарлы саясатының іске асып, Мәңгілік ел болуға деген талпыныстарымыздың жемісті болуы үшін де біз – ел жастары аянбай еңбек ететін боламыз», - деді ол.