14.11.2014
«Жиынға министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоға қарасты ұйымдардың жетекшілері қатысты. Министр еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты сараптама жасалған және «Қазақстан -2050» ұзақ мерзімді стратегиясын және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі міндеттерді іске асыруда нақты бағдар көрсететін Жолдаудың маңыздылығына тоқталды», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы әлеуметтік саладағы нақты міндеттерді айқындап бергенін, сондай-ақ, ҚР Үкіметіне мемлекет өзіне алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді толықтай қамтамасыз ету жүктелгені айтылды. Сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
«Әлеуметтік мәселелерді табысты шешіп, әрбір қазақстандықтың өмір сапасын арттыруды үшін индустриалдық, көлік-логистикалық, энергетикалық және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту арқылы тұрғындарды әрі қарай жұмыспен қамтуды көздейтін «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын барынша тиімді пайдалану керек»,- деді ол.