13.11.2014
«Соңғы кездері бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс саябырсымай келе жатқаны баршамызға белгілі. Бірақ Елбасының көрегендігі арқасында Қазақ елі одан әзірше қинала қойған жоқ. Дегенмен, «Сақтықта қорлық жоқ» деген Нұрсұлтан Әбішұлы тағы да даналық танытып, халқының болашағын әріден ойлап, қаржы тапшылығын болдырмаудың алдын алудың жолдарын көрсетіп берді», - деді ол.
Сонымен қатар, Елбасы әлі де болса, сыбайлас жемқорлық етек алып отырғанын халқынан жасырған жоқ. Осы салаға қатаң тәртіп орнатуды атқарушы органдардан қатаң талап етіп, олардың алдына ауқымды міндеттер жүктеді.
«Жолдауда Елбасы Қазақстанның ұлттық идеясы болмай, болашақтың дамуына бағдар жасамай, елді дамыту мүмкін еместігін әдейі, баса айтты. Халықтың бірлігін нығайту, елдің тыныштығын сақтау жөнінде, жалпы бүкіл әлемдегі қаржы дағдарысынан елді аман алып шығудың жолын толық ашып көрсетті. Ендігі міндет – әрбір қазақстандық Елбасының Жолдауында көрсетілген жәйттерді жадында ұстап, өз жауапкершіліктерін көтеру.Қорыта айтқанда, Елбасы Жолдауының түпкі мәні – ел халқының қамы», - деді ол.