13.11.2014
«Ұлттық қордан бөлініп, кіші және орта бизнесті қолдау мен несиелендіруге бағытталған 100 миллиард теңге толығымен игеріліп отыр. Бұл еліміз бойынша 4,5 мың жұмыс орнының пайда болуына алып келді, алайда бұл қаржыға деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Елімізде бизнесті несиелендірудің теңдессіз жағдайлары жасалған. Президентіміздің 2050 жылға қарай шағын және орта бизнесті экономикалық дамудың қозғаушы күші ретінде және оның үлесінің жалпы ішкі өнімнің 50 пайызына дейін өсуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсыруы, елдегі кіші және орта бизнеспен айналысып жүрген ағайындарға көп көмек болар еді», - деді С.Жексембеков.
Ол атап өткендей, «қазіргі таңда Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында мемлекеттен қолдау ретінде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қаржыны 5 жылға 7 пайыздық мөлшерлемемен алып, бизнесімді дамытып отырмын».
«Бұндай жағдай елімізде бұрын соңды болып көрмеген, еліміз үшін де, аймағымыз үшін де айтарлықтай болашағы бар жоба. Аталған жоба алдағы жылдарда да өз жалғасын тапса, алдымен ауылдағы ағайындардың әлеуметтік жағдайлары түзеліп қалар еді», - деді ол.