• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жолдауда ел әлеуетін асыратын түйткілді мәселелер  қамтылған – А.Мамытқұлұлы 13.11.2014

«Аталмыш Жолдауда ел әлеуетін асырар тұрмысымыздың барлық түйткілді жағы қамтылыпты.Әсіресе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалық жоспарлар көңіл көкжиегін кеңейтіп,болашағымыздың жарқын болатынына сенім ұялатты.Жолдауда Қазақ хандығының 550 жылдығын,Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын,Ұлы Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу тұрғысында келелі мәселелер алға тартылып,жаңа Қазақстандық патриотизмды дамыту керектігі тілге тиек етілген», - деді ол.

Әсіресе,  2015 жылы Қазақстан Ассамблеясы жылы деп жариялануы ерекше маңызды болмақ.Бүгінгі таңда ел аумағында іргелі жоспарлар жүзеге асырылып жатыр.   

«Жалпыұлттық Мәңгілік ел идеясын басты бағдарламалық меже етіп алған қазақстандықтар ел алдындағы ауқымды жоспарларды да еңсеретіні айқын. Дүниедегі көптеген мемлекеттер кризиске ұшырап жатқан жағдайда тұрақты дамудың Қазақстандық (моделі) үлгісі бүгінде бүкіл әлемді тәнті етіп отыр.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін табысты өткізу алдағы үміт.Міне осы бағытта еңбек етіп,тер төгіп жатқан қазақстандықтар алда тұрған іргелі істерді де еңсеретініне сенім зор», - деді ол.                                                                                                                                                           


Back to the list