13.11.2014
«Елбасының көрегендігіне, еліміздің дана басшысы екеніне ешқашан күмән келтірген емес едім, бұл жолы пікірден жаңылыспағаныма анық көзім жеткендей. Алдымен, «Қазақстан» деген дала кемесін уақыттың мазасыз да аумалы-төкпелі кезеңінде асқан шыдамдылықпен өрге сүйреп келе жатқаны үшін оған шексіз алғыс айтуымыз керек. Әрине, Елбасының мен әрбір жаңа жылдың басындағы Қазақстан халқына Жолдауын жыл сайын мұқият тыңдаймын. Бірақ ол биыл бізге, халыққа, үстіміздегі жылдың соңында үндеу тастап отыр, бұл міндеттердің маңыздылығын көрсетеді. «Уақыт күтпейді, жаңа міндеттер қойылады. Іске кірісуіміз керек», - деген сөздері есімізде жатталып қалған сияқты», - деді ол.
Елбасымыз атап көрсеткендей, «инвестицияға деген жалпы қажеттілік кемінде 2 триллион теңге құраса, 2020 жылға дейін барлық қаржыландыру көздерінен жыл сайын кемінде 200 миллиард теңге бөлінетін болады».
«Нәтижесінде, бұл бағаның қалыптасуына, тарифтерге әсер етеді, дәлірек айтар болсақ, тұрғындар өмірінің сапасымен байланысты тарифтердің елеулі түрде өсуіне жол бермейді. Өйткені бағаның қалыптасуы, өнім сапасы және бәсекеге қабілеттілік кейбіреулер ойлағандай жолдарға ғана емес, коммуналдық сала жағдайына да байланысты екені белгілі», - деді ол.
«Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауынан «жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңарту қарқынын жеделдетуге бюджетте қосымша қаралған 100 миллиард теңгеге дейінгі қаржыны жыл сайын жолдау керек» деген сөздерді өзімнің санама тоқып алдым. ТКШ-мен байланысты мәселелер көпшілікті толғандыратыны анық, сондықтан осы жүйедегі инфрақұрылымды жаңалау үшін көзделген іс шаралар ешкімді де бейжай қалдырмайды», - деді ол.