13.11.2014
«Елдік маңызы бар, биік мақсаттарға жетуіміздің кепілі болатын нақты бағдарларды атап көрсеткен Елбасының бұл Жолдауын толықтай қолдай отырып, Елбасы бастаған «Нұрлы жолды» осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі деп айта аламын», - деді ол.
Оның айтуынша, Елбасының «Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бір-бірімен сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ» - деген сөзі, ауылды дамытудың бағдарламасы іспеттес.
«Біздер, кәсіпкерлер, Елбасымыздың халқына Жолдауын бір ауыздан қолдап, мемлекетіміздің игілігі үшін жасалып жатқан игі істердің жаршысы болуға күш саламыз», - деді ол.