13.11.2014
«Біз елді индустриаландыруды қолдау барысындағы ауқымды іс-шараларды көреміз. Ол ғылымның экономика салаларымен байланысын дамыту, кадрларды әзірлеу және қайта әзірлеуді қолдау үшін ақпарат пен білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуден көрінеді. Ауылдық елді мекендердің іскерлік белсенділігін, соның ішінде кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау жергілікті жерде ауыл кітапханаларының онлайн орталықтары арқылы жүзеге асады», - деді ол.
Оның айтуынша, кітапхана Президентіміз «болашағымыздың тірегі» деп атаған жастардың интеллектуалдық және шығармашылық дамуына бағытталған мақсатты жобаларды іске асыруда.
«Робот техникасы мен бағдарламалау клубтарын құрып, математика, физика, химия тәрізді нақтылы ғылымдарға қызығуды оятып, кітапхана елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы міндеттерге жауап беретініне тағы да көзімізді жеткізеді. Біз ЭКПО 2017 және елбасы саясатының «Нұрлы жол» атты жаңа бағытын лайықты іске асыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтын қазақстандық «креативті екпінді жастар» ұрпағының қалыптасуына көмек береміз», - деді ол.