• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тоғжанов: Толеранттық – ел болашағының кілті 13.11.2014

«Елбасының Жолдауынан кейін кездесіп отырғанымыздың да өзіндік мәні жоқ емес. Жолдауда Мемлекет басшысы елдегі ұлтаралық және дінаралық келісімді тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген басты құндылықтары ретінде сақтау керектігін айтты. Біз сенімді нығайтып, ел ішінде өзара толерантты болуымыз қажет», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы Хаьшылығының меңгерушісі, төраға орынбасары Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар Е.Тоғжанов ҚХА жанындағы Аналар кеңесі жұмысының маңыздылығына тоқталып, ананың рухани және тәрбиелік тәлімі арқылы қоғамдағы келісімді нығайту мен отбасы құндылықтарын сақтау мен дамыту, жанжалды жағдайлардың алдын алуда нәзік жандылар еңбегін қолдану туралы ойымен бөлісті.

Сонымен қатар ол жастармен жұмыс істеу және жеке тұлғаның дамуына бағытталған жұмыстарда Аналар кеңесі жұмысын жандандыру, отбасындағы рухани-адамгершілік құндылықтарға байланысты мәселелерді реттеу, үлгілі отбасы тәжірибелерін насихаттау мен қиын балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз өсіп келе жатқан жеткіншектерді назардан тыс қалдырмау мәселесіне кеңінен тоқталды.

Индира Қауметова


Back to the list