13.11.2014
«Жыл сайынғы Жолдауларда білім саласы арнайы қарастырылып өтуі де ертеңін білім – ғылыммен мықты ету, адам капиталын білім – ғылымның озық үлгілерімен жарақатандыру мәселесі арқылы білім беру жүйесіне зор жауапкершілік жүктеп отыр.Дәстүрлі жолдауда апатты мектептер мен 3 ауысымды оқытуды толығымен шешу үшін Үкіметке қосымша 70 млрд. теңге бөлуді тапсырды», - деді ол.
Бұдан бөлек, Елбасы балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі орын жетіспеушіліктер проблемасын алдағы үш жылда шешуді міндеттеді. Бұл үшін де қосымша 20 млрд. теңге бөлінетінін жеткізді.
«Бүгінгі таңда қалыптасқан еңбек нарығы білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, өз білімі мен біліктілігін қолдана алуға қабілетті мамандардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына қойылатын талаптарға өз әсерін тигізуде. Осы орайда, 10 ЖОО-на білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан – жақты дамыған, кәсіби құзыретті маман дайындау және барлық қызметтерін оқу орындары осы бағытта құру керек екендігі нақтылады», - деді ол.
Мәңгілік Ел болу идеясы арқылы, жалпы ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, елді біріктіретін күш ретінде бірлік пен берекенің, қажырлы еңбектің тұғырнамасы екендігін бүгін тағы да баса айтты.