• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасы Жолдауының негізгі мазмұны -  елді бірлікке шақыру – А.Осман 13.11.2014

«Елбасының биылғы Жолдауының қоғамда алар орны да, мән-маңызы да зор. Соның ішінде Мемлекет басшысы қоғамда бірлік пен ынтымаққа ерекше көңіл аударды. Бірлік болмай тірлік болмайды деген ата-баба өсиеті Президенттің Жолдауынан көрініс тауып отыр. Бірігу – бабалар өсиеті болса, бөліну – қоғам қасіреті. Елбасы осынау даналықты түсіне отырып елді бірлікке, ынтымақ пен достыққа шақыруда», - дейді А.Осман.

Оның айтуынша, қазақ қашаннан бейбітшілікке құштар, алыс-жақын көршімен тату ел. Қазақтың қанымен достық пен дархандық қасиеттің біте қайнасып кеткені бесенеден белгілі. Енді осы бір қасиетті елде өмір сүріп жатқан өзге де ұлт өкілдері бойларына сіңіруі керек.

«Қазақ халқының бойында толеранттылық, қазақша айтсақ төзімділік деген тамаша қасиет бар. Енді осы бір қасиетті мемлекет құрушы ұлт қазақтар ғана емес сонымен қатар, өзге де барлық ұлт пен ұлыс өкілдері бойларына сіңіруі керек.  Сонда ғана бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, татулығымыз жарасқан елге айналамыз», - дейді ол.

 

 

 


Back to the list