• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Нұрлы жол – елдің  өсуіне  арналған даму бағдары 13.11.2014

«Мен қарапайым халықтың өкілі ретінде осы бағдарламаны қолдап отырмын. Өйткені онда бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешу жолдары көрсетілген. Әлемнің барлық мемлекеттері осыдан бірнеше жыл бұрын басталған экономикалық дағдарыстың салдарын әлі сезінуде. Олардың қатарында біздің мемлекетіміз де бар. Дегенмен, мемлекет басшылығының дана саясаты арқасында Қазақстан бұл сыннан аман-есен өтті», - деді ол.

Әйткенмен, әлемдік экономикалық жағдай әлі де өзінің тұрақты жағдайына келген жоқ, қазақстандықтардың да босаңсымағаны жөн. Жаңа жолдау экономикалық саясаттың жалғасы болып табылады. Онда қазіргі таңдағы қиындықтарға төтеп беру, орын алған экономикалық жағдайдан шығу жолдары айқындалған, орындалуы тиіс нақты іс-шаралар ұсынылып отыр.

«Ел экономикасын дамытудың басты салаларына айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнесті, көлік, энергетика, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға, қолжетімді тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар құрылысына мемлекет қорынан қыруар қаржы бөлінуде. Осы іс-шаралардың орындалуы халқымыздың әлеуметтік жағдайының өсуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана емес, біздің ұрпағымыз да көретініне мен кәміл сенемін», - деді ол.

 


Back to the list