13.11.2014
««Нұрлы Жол» саясатының жаңа қағидалары әлеуметтік кепілдік пен жеке бас жауапкершілігіне негізделген. Бүгінгі қоғам талабы – жаңартылған және тиімді әлеуметтік саясат. Ол, біріншіден, мемлекеттің кепілдік еткен минималды әлеуметтік стандартын, екіншіден, халықтың әлсіз тобына бағытталған қолдау, үшіншіден, әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешу және, төртіншіден, жұмыспен қамту мен жалақы төлемін қамтамасыз ету саясатын жаңғыртуы керек», - дейді әкім.
Әкімнің айтуынша, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында Астананың көлік инфрақұрылымын дамытып, елордалық әуежайдың ұшу-қону жолағын қалпына келтіріп, жаңа терминал құрылысын қолға алған жөн. Сонымен қатар, индустриялды инфрақұрылымды да назардан тыс қалдырмау керек.
«№2 индустриялды парк құрылысының жұмыс жалғасын тауып, ол нақты жобалармен толтырылуы тиіс. Бұл өз кезегінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп, қосымша инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашады. Қаланы дамытудың басым бағыттарының бірі «Ақылды қала» жобасы. Енді осы мәселені ерекше назарда ұстау керек», - дейді Жақсыбеков.
Сонымен қатар, әкім энергетикалық инфрақұрылымның басым бағыттарын да атап көрсетті. «Біз бекітілген уақытта бірінші және екінші ЖЭО жөндеу жұмыстарын жүргізіп, үшінші ЖЭО құрылысын қолға алу керек. Сонымен қатар, ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту мен су мен энергоқамту желілерін жаңарту керек», - дейді ол.
Сонымен қатар, шарада жалға берілетін тұрғын үй құрылысына да тоқталып, пайыздық деңгейі төмен үйлер салу керектігін айтты.
Индира Қауметова