• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ә.Жақсыбеков: Мемлекет басшысының Жолдауы – экономиканы алға сүйреуші күш 13.11.2014

«2050 Стратегиясы көкжиегін кеңейте отырып, бүгін әлемдік экономикадағы аумалы-төкпелі жағдайға қарамастан, барлық қатерлер мен қауіпті ысырып тастап Қазақстанның дамуының көрінісі болған Қазақстанның жаңа экономикалық «Нұрлы Жол» саясатына қадам басып отырмыз», - дейді қала әкімі.

Сонымен қатар, Жақсыбековтың айтуынша, Қазақстан Президент  Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен айтарлықтай жетістіктерге жетті. «Бүгінде Қазақстан – әлеуметтік-экономикалық негізі мығым қалыптасқан күшті мемлекет. Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енер-енбес біз алдымызға әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын қойып отырмыз. Елімізді жаңғыру мен реформалау кезеңдері өзге елдерге қарағанда 4 есе жеделдікпен орындалуда», - дейді.

Елорда басшысының айтуынша, Қазақстанның дамуының ең жарқын үлгісі Астананың бой көтеруі. Қаланың дамуымен елдің әлеуметтік-мәдени деңгейі де артуда. Елдің дамуы қазақстандықтар өмірінің әр саласынан байқалуда.

«Бұның барлығы Елбасының ұлы саяси көрегендігі мен қайраткерлігінің арқасында мүмкін болып отыр. Олар «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялық құжаттарында көрсетіліп, бүгінгі таңда жаңа экономикалық «Нұрлы Жол» саясатынан көрініс тауып отыр. Алда бізді үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыстар күтіп тұр. Біз бірлігімізге бұрынғыдан да бекем болуымыз керек. Президентіміздің айтқанындай, толеранттылық пен татулықтан жаңылмауымыз керек», - дейді Жақсыбеков.

Индира Қауметова


Back to the list